Қазақстанның 17 жасқа дейінгі аяқдопшылары Грузияның "Байя" командасымен жолдастық кездесу өткізді

Бұл ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұған дейін 25 қаңтар күнгі алғашқы кездесуде қазақстандықтар 2:0 есебімен басым түскен еді. Константин Фролов жаттықтыратын қазақстандықтар енді 31 қаңтар мен 2 ақпан күні грузиялық құрдастарымен күш сынаспақ. 2012 жылдың 16 желтоқсанынан бері еліміздің бозбалаларын жаттықтырып жүрген украиналық аға бапкер бұл жиынға Алматыда 15-21 қаңтар күндері өткен алғашқы жиынның қорытындысы бойынша 21 спортшыны шақырған болатын. 21 қаңтарда басталған бұл жиын 3 ақпанға дейін созылмақ.