Министрдің ақпараттарына сүйенсек, мемлекеттік қарыздың өсуі "негізінен 2006 жылдың төртінші тоқсанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қарызының өсуі есебінен" болып отыр.
Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, "мемлекеттік қарыз қоржынындағы ішкі және сыртқы қарыздар арақатынасы тиісінше 62 пайыз және 38 пайызды құрайды".
"Есеп беру жылында Халықаралық қайта құру және даму банкінің 65,7 млн АҚШ доллары көлеміндегі қымбатқа түсетін несиелері мерізімінен бұрын өтелді", деп мәлім етті министр. Н. Коржова "сыртқы қарыздарды мерізімінен бұрын өтеудің экономикалық тиімділігі үкіметтік қарыздарының шығындарын төмендетуде (келешекте) болып табылатындығын және ол шамамен 226 млн АҚШ долларын құрайтындығын" атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті