Қазақстанның 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге талпынуы республикада саяси өзгеріс жасауға жігерлендіреді - ҚР мәжіліс вице спикері

"Біздің талпынысымыз саяси менмендік емес, жоқ , менің пікірімше бұл біздің жауапкершілігімізді арттырып, саяси өзгерістер жасауға , демократиялық реформаларды жетілдіруге және әрі қарай дамытуға жігерлендіреді",-деп атап өтті С.Дьяченко.

Сондай ақ, вице-спикер , Қазақстанның ұйымға төрағалық етуі туралы шешімнің әлі қабылданбағанын айтты. "Сіздерге мәлім, бұл туралы шешімді биылғы жылдың желтоқсан айында аталған ұйымға мүше елдердің сыртқы істер министрлері қабылдайды. Бүгінгі таңда көптген мемлекеттер біздің төрағалық етуге талпынысымызды қолдап отыр",-деді ол. Оның айтуынша, Қазақстан кандидатурасын Германия, Испания,Франция, Австрия, Нидерландия, Финляндия, Венгрия және басқа елдер қолдаған.

С.Дьяченконың пікірінше, ЕҚЫҰ төрағалық ету, "Қазақстанға өте маңызды ұйымға жетекшілік ету, яғни профессионалды әрі ұйымдастырушылық тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді"


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті