"Мемлекеттік комиссия республика аймақтары бойынша айқындап бекіткен топжарғыш жобалар 4-шілдеде жүзеге асырыла бастайды. Бұл шараға мемлекет басшысы қатысады. Бүгін қандай жобалар дайын болғандығы жөніндегі мәселе талқыланды. Олар шілдеде салына бастап, жылдың аяғында немесе келесі жылдың басында іске қосылады",- деді Қ.Келімбетов.
Оның айтуынша, "Қазына" қоры аталмыш мемлекеттік бағдарламаның операторы ретінде жұмыс істей бастады, ендігі жерде барлық мемлекеттік органдар - жергілікті атқарушы билік органдары мен барлық әкімдер тікелей "Қазынамен" жұмыс істей бастайды. Аталмыш жобалар нәтижесінде мемлекеттік комиссияда қаралатын тізімге қамтылуы тиіс". "Үміткерлер өте көп, алдын-ала тізім кеңесте облыс әкімдеріне таныстырылды, әрбір облыстан 3-7 жоба келіп түскен, олардың ішінде қайсысына қолдау көрсетілетіндігін сараптама мен тиісті жұмыстар анықтайды",- деп нақтылады қор басшысы.
"Өтініш иелерінің ұсынып оытрған жобалалары сан қырлы, олардың арасында мұнайхимиясы, кремний, поликремний, биоэтанол, құрылыс материалдары, металлургиялық өндірістер, транспорттық-логистикалық кешендер дейсіз бе, энергетика дейсіз бе бәрі бар. Бұлардың бәрі де басымдықтар аясында айқындалған кластерлік бастамалардың шеңберінде, сіздер кешікпей толық тізіммен таныса аласыздар",- деді "Қазынаның" басшысы.
"Осындай жобаларды таңдаудағы басты көрсеткішке келсек, жобаның құны 100 млн долларда жоғары әрі ол экспорттық өндіріс болуға тиіс, қосымша құн табуға мүмкіндік беріп, еліміздегі адам капиталын дамытуға септігін тигізуі қажет",- деді Қ.Келімбетов. Оның айтуынша, бұл жобалар түгелдей "Қазына" қорында тиісті сараптамадан өткізіліп барып, мемлекеттік комиссияның қарауына ұсынылуға тиіс. "Қорда арнаулы комиссия құрылды, оған инвестициялық даму институттарының сарапшылары енген",- деді Қ.Келімбетов.
Оның есептеуінше, жобалар 4-шілдеде бірінші сатылы іріктеуден өтеді. "Бірақ бұл басқа жобалар қаралмайды және толықтырылмайды дегенді білдірмейді, өтініштер 2007-жылдың 1-қарашасына дейін қабылданады, ал ақырғы тізім 2008-жылдың 1-қаңтарына дейін айқындалады",- деді ол.
"Мемлекеттік бағдарламада экономиклаық құрылымды шынайы өзгерте алатын 30 ірі, 50 орташа, 100 шағын жобаны негіз етіп алу көзделінген. Әйтсе де бұл аталмыш тізімге белгілі бір компаниялар мәңгілік қамтыла береді деген сөз емес, олар бәсекелестік қабілеті өткен сайын орын алмастырып отырады",- деді Қ.Келімбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті