Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
«14 қазанға қараған түні Алматы облысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал 15 қазанға қараған түні ауа температурасы минус 1-6 градусқа дейін төмендейді», – делінген бейсенбі күні хабарланған ескертпеде.
Сондай-ақ, 13 қазанға қараған түні БҚО, Маңғыстау және Атырау облыстарында, ал 13-14 қазан түндері Қызылорда облысында ауа температурасы минус 5 градусқа дейін төмендейді.