Қазақстанның 50 бәсекелестік қабілеті бар елдер қатарына енуі ұлттық идеяға айналуы тиіс - президент

"Елу бәсекелестік қабілеті бар елдердің қатарына енуді ұлттық идеяға айналдыру қажет",-деді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні тікелей эфирде сөйлеген сөзінде.

"Егер мен өзім туралы ғана ойлайтын болсам, онда , менің істеген істерім өз ғұмырыма жетеді",-деді ол. "Бірақ мен болашақты ойлауым керек, мен кезекті сайлау мәселесіне бас қатыра алмаймын, елдің, халықтың болашағын, біздің балаларымыз бен немерлеріміздің өмірін ойлауым керек, халық мені сол үшін сайлады",-деп атап өтті президент.

"Бәсекелестік мәселесі тек экономикаға ғана қатысты емес, адам ресурстарына, экологияға , саяси тұрақтылыққа да байланысты. Соның бәрі біріге отырып нәтиже береді",-деп атап өтті Қазақстан президенті. "Бұл қазақстандықтардың ешбір ұрпағы шешпеген күрделі жұмыс",-деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті