Қазақстанның 9 облысында су тасқынының қаупі бар

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

26-30 Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында жоғары ауа температурасы сақталады және еріген қар суынан кей өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

26-27 наурыз күндері Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында жылы ауа райы сақталып, қар еріп, ағын сулар пайда болуы мүмкін.

25-30 наурыз күндері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын жауады. 25 наурыз күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде еріген қар суы жиналуы мүмкін.


26 наурыз күні Сырдария (Қызылорда облысы аумағында) өзені ауа райының жылынуынан арнасынан тасуы мүмкін.