Бұл шешім үшін сьезге қатысқан 198 адам түгелдей дауыс берді.
"Нұрсұлтан Назарбаевтың беделінің биіктігі оның өкілеттілік мерзімін ұзарту туралы байламға күмән келтіруге мүмкіндік бермейді. Осы жылдар ішінде Назарбаев экономика, саясат және әлеуметтік саладағы реформалар барысы үшін жауапкершілікті өзіне жүктеп алды",- деді Қазақстанның аграрлық партиясының бірінші хатшысы Ромин Мадинов Назарбаевтың кандидатурасын президенттікке ұсыну барысында.
Қазіргі мемлекет басшысы Қазақстанның аграрлық партиясының атынан өз кандидатурасын ұсынуға өз келісімін берді. "Ел мен халыққа қажет екенімді сезінемін",- деді Н.Назарбаев.
Сонымен бірге сьезге қатысушылар алдағы сайлауда Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі Қазақстанның халықтық коалициясына бірікті.
Бұған дейін президенттің кандидатурасын "Отан", "Асар", Қазақстанның демократиялық партиясы, Азаматтық партия мен "Ауыл" социал-демократиялық партиясы қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті