Қазақстанның аймақтарында күн райының күрт бұзылуына байланысты жолдар жабылды

Мекеме ақпаратына сәйкес, "Астанада Қарағандыға қарай шығатын жол жабылып, Рождественка мен Қорғалжыңға апаратын жолдардағы қозғалыс шектелді". Елордасын қардан тазартуға "Горкоммунхоз" АҚ-ның 252 техникасы, соның ішінде 41 қар тазартқыш, 8 топырақ тазартқыш пен 132 "КамАЗ" жұмылдырылған. "Қала аумағында қарға байланысты көлік жиналды деген мәлімет жоқ", - деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында Астана - Аршалы, Астана - Қорғалжың, Астана - Қарағанды, Державинск - Есіл - Жақсы - Атбасар бағыттарында қозғалыс тоқтатылды. Ерейментау ауданы Павловск елдімекенінен 10 шақырым жерде түзілген қар құрсаудан бес "КамАЗ" жүргізушісі эвакуацияланды. Төтенше жағдайды жоюға "Қазавтодор" РМК қызметтері жұмылдырылды.

Ақтөбе облысында Ақтөбе - Хромтау, Ақтөбе - Қандыағаш, Ақтөбе - Орск, Ақтөбе - Хобда, Ақтөбе - Мартук бағытында қозғалыс тоқтатылды.

Ал Шығыс Қазақстан облысында Өскемен - Барнаул тас жолының Шемонаиха - Михайловка учаскесі, Омбы- Майқапшағай тас жолының Бородулиха - Красный Аул учаскесі, Өскемен - Зыряновск тас жолының Өскемен - Серебрянск учаскесі мен Өскемен - Семей тас жолы жабылды. "Қазавтодор" РМК қаланы қардан тазартуда", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қарағанды облысында күрделі ахуал сақталып отыр. "Барлық бағыттағы жолдар жабылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жалпы алғанда облыстағы жолдарда 231 адам эвакуацияланжы, атап айтсақ, Алматы - Екатеринбург тас жолының Ақбастау елдіекмені маңындағы бөлігінде қар құрсаудан 203 адам құтқарылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті