Қазақстанның алкоголь өндірушілері «көлеңкеден» шығады

Қазақстанның алкоголь өндірушілері «көлеңкеден» шығып, өндірістің шынайы көлемін көрсете бастады, деп Қаржы полициясының экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу жөніндегі департамент басшысы Жанат Еламанов мәлімдеді.


           «Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша бюджетке акцизді төлем көлемі 20%-ға артып, 23 млрд теңге рекордтық көрсеткішке жетті, алкоголь өнімдері өндірісінің 15%-ға ұлғайғаны байқалады. Демек, өндірушілер шынайы көлемді көрсетіп, «көлеңкеден» шыға бастады», - деп ол бүгін Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
           Ж.Еламанов атап көрсеткендей, қаржы полициясының жаңа әдістемесі аймақтағы көлеңкелі айналымды есептеуге мүмкіндік береді, оның негізінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша алкоголь өнімдерін шынайы пайдалану мен бөлшек саудаға ресми түскен өнім арасында айырмашылық бар.
           «Нәтижесінде ел бойынша көлеңкелі айналым 60%-ды құрады", - дейді ол.
           Оның мәліметі бойынша, былтырдан бері есепке алынбаған өнім шығарған бес зауыттың заңсыз қызметі тойтарылған.
           Республика бойынша алкоголь өнімінің заңсыз айналымы саласында 392 қылмыс анықталып, 7 млн астам бөтелке тәркәленді.