Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы өкілінің мәжіліс жұмысына қатысу мүмкіндігі туралы мәселені партияның құрылтайы қарайды

Баспасөз қызметіндегілердің атап көрсеткеніндей, отырыста партияның тең төрағасы Әлихан Бәйменов өткен мәжіліс сайлауында жеңіп алған депутаттық мандаттан бс тартатыны туралы мәлімдеме жасады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл мәлімдеме кеше, 2-қарашада жария етілді.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ "Жармахан Тұяқбайдың өткен сайлауды бағалау туралы мәлімдемесі мен азаматтық ұстанымына қолдау көрсету" жөнінде шешім қабылдады.