В.Фоостың айтуынша, заңнамаға сәйкес, депутаттық мандат "Ақ жол" демократиялық партиясының тізіміндегі келесі адамға берілуі тиіс. Саяси бірлестіктің партиялық тізімі бойынша сайлауға екінші болып партияның тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбаев түскен.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ә.Бәйменов кеше парламент мәжілісінің жаңа құрамында депутаттық мандаттан бас тартқан болатын. Бұл құқыққа ол дауыс беру қорытындысы бойынша "Ақ жол" партиясы жинаған дауыс санымен партиялық тізім бойынша қол жеткізген.
В.Фосс сондай-ақ мәжілістің үш депутатының сессияның ашылуына қатыса алмау себебі туралы да түсініктеме берді. Оның айтуынша, "дәлелді себептермен" сессияның ашылуына қатыса алмаған депутаттар алдағы уақытта "тағы да бүгінгідей жалпы отырыста ант беретін болады".