Семинарды Әзербайжанның байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі Байланыс саласындағы аймақтық Достастықтың атқару комитетінің қолдауымен ұйымдастырды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған ұлттық стратегияларды іске асырудың қаржылық тетіктерін қолданысқа енгізу - семинардың басты тақырыбы.
Бүгін семинар барысында "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған қаржылық тетіктерді қолданысқа енгізу жөніндегі Ресей тәжірибесі", "Бюджет және Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған шығындар", "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға бағытталған ұлттық стратегияларды іске асырудың қаржылық тетіктері", "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды Даму пайдалану жобаларын қолдау тетіктерінің бірі ретінде кәсіпкерлікті пайдалану" тақырыбындағы баяндамалар тыңдалды.
Ертең Қазақстандық өкілдер "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар секторын қаржыландыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесі" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ролі" деген тақырыптар бойынша сөз сөйлейді.
Семинар соңында қорытынды құжат қабылданады.
Семинарға Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қазақстан және Молдова өкілдері қатысуда.