Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісі тағайындалды

Осыған байланысты Е.Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстанның Швециядағы, Норвегия мен Ирландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Бұған дейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігін Қанат Саудабаев басқарған, ол ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті