Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарынан тәркіленген. "ҰҚКД тергеу бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы бойынша (есірткілік заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, дайындау немесе сату) қылмыстық іс қозғады.
Бұған қоса, ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда облыстық департаменті полициямен бірлескен шара барысында Шиелі ауданының Бәйгеқұм станциясының тұрғыны ұсталды, ол өзінің бақшасында заңсыз қарақурай өсірумен шұғылданған. "Тексеру барысында 94 түп қарақурай табылды", - деп хабарлайды арнаулы қызметтегілер. Бұл дерек бойынша Шиелі аудандық ІІБ қылмыстық іс қозғады.
Бұған қоса, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шіркейлі ауылының тұрғынының ауласынан 2 кг жуық марихуана тәркіленді. "Ұсталғанның үстінен ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.