9-қыркүйек, бейсенбіде Ресейдің бірқатар БАҚ-тары Санкт-Петербург қаласында Калашников автоматтарымен қаруланған бір топ қазақстандықтар ұсталғанын хабарлағаны мәлім.
"Қарақшылық топ Ресей тұрғындарынан құралған екен. Қазір біз олардың азаматтығын анықтап жатырмыз. Бірақ анық-қанығы әзірге белгісіз. Алғашқы ақпарат бойынша олардың арасында Қарағанды тумасы, бірақ, қазір Шешенстанда тұратын бір адам бар көрінеді",- деді В.Божко журналистер сауалына.