Қазақстанның арнаулы қызметтерінің оперативтік қызметкерлер тобы Австриядан қудаланды - ақпарат көзі

"Бұл топ ел басшылығына хабарландыру бермей Австрия аумағында оперативтік іс-әрекеттер жүргізген, бұл дипломатиялық хаттаманы өрескел бұзу болып табылады",- деді ақпарат көзі.

Оның ақпаратына сәйкес, Венаға келген топтың құрамына "ҰҚК-нің Германиядағы, Англиядағы өкілі мен Франкфурт қаласындағы ҚР консулдығынан арнайы қызмет өкілдері кірген". "Топты ҚР СІМ-нің орынбасары Қайрат Әбдірахманов басқарған",- деді ақпарат көзі.

Оның айтуынша, "Австрия СІМ-де өткен кездесу барысында Әбдірахмановқа арнаулы қызметтерінің оперативтік қызметкерлер тобының ел аумағындағы іс-әрекеттерінің заңсыздығы, дипломатиялық қызметкерлердің Еуроодақ елдерінде болу нормалары мен ережелерін бұзғандығы атап көрсетілді".

"Олардың бәрі қазіргі жағдаймен ел аумағынан шығарылды",- деді ақпарат көзі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті