Қазақстанның "Атамекен" ұлттық экономикалық палатасы "Бәсекелестік туралы" жаңа заң жобасында экономикалық шоғырлануды антимонополия қызметкерлерімен келісу үшін жоғары шек қойылған деп есептейді

"Әрине, мемлекет бәсекелестік іс-әрекеттерді реттеп отыруы тиіс. Себебі, монополияға мемлекет қана емес, кез келген тауар өндіруші бейім тұрады. Барлығы бәсекелестік бәйгесінде жетекші орынға ие болса, кейін оны пайдалануға тырысады. Дегенмен, мемлекеттік реттеуде артық араласудан және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты ұсақ-түйекке бола қамқорлық көрсетуден қашсақ, дұрыс болар еді", - деді Е. Никитинская.

"Біз бұл проблемаларды экономикалық концентрацияны келісу үшін қажетті және жеткілікті талаптарды анықтау жолымен шешу мүмкіндігіне ие болдық. Менің ойымша, біз айтарлықтай жоғары шек орнатқан сияқтымыз. Біздегі мәмілелер актив көлемі екі миллион АЕК көлемінде немесе осындай мөлшердегі айналым болса ғана келісілетін болады", - деді ол.