Қазақстанның «Атом» жобасы бүкіл әлемге таныстырылады

Қазақстанның «Атом» жобасың тұсаукесері әлемнің түрлі астаналарында өтеді, деп ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Роман Василенко мәлімдеді.


           "29 тамызда «Атом» жобасы шеңберінде біз «Бейбітшілікті іздеу жолында» атты жалпы атаумен жаңа науқан бастаймыз. Осы науқан барысында біз жобаның тұсаукесерін өткіземіз. Онда жоба белсенділерінің сөзі, Қазақстанның ядролық қарусыздану тарихына арналған фотодеректі көрме, сондай-ақ әйгілі суретші, жобаның Мәскеу, Нью-Йорк, Вашингтон, Вена, Берлин, Токио және әлемнің өзге астаналарындағы құрметті елшісі Кәріпбек Күйіковтың бұрынғы және жаңа картиналары қамтылған», - деп ол бүгін Фейсбукте ҚР СІМ парақшасындағы сұхбатында атап көрсетті.
           БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб пәтерінде қыркүйектің басында өтетін іс-шараларға айрықша көңіл бөлгім келеді. Онда БҰҰ басшылығының, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкілдерінің, қазақстандық делегацияның қатысуымен ядролық сынаққа қарсы халықаралық іс-шаралар күніне арналған және ядролық қарусыздану жолында бейбітшілікті ілгерілету үшін БҰҰ шеңберінде қабылдануы тиіс келешек қадамдарға арналған конференция өтеді.
           Жобаның тұсаукесері биыл Венада ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімшарт ұйымының штаб пәтерінле өтеді.
           «Атом» жобасы 2012 жылы 29 тамызда Астанада халықаралық парламенттік конференция барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан бастама бойынша құрылды.
           Жоба ядролық сынақтарды тоқтату үшін ғаламдық қоғамдық қолдау көруге, ақырында ядролық қаруды жоюға бағытталған.
           Бүгінгі таңда жүзден астам елден 70 мың адам "Атом" жобасының онлайн-петициясына қол қойған.