«Ең бастысы, бұл апаттардың қайталанып отырғанында. Бұл қатты алаңдатады, азаматтық авиация болсын, әскери авиация болсын қауіпсіздік мәселесіндегі жүйе сыр бере бастағанын айтқым келеді», - деп ол бүгін журналситерше палатаның пленарлы отырысы арасындағы үзілісте атап көрсетті.
Осы орайда сенатор осы апаттар бойынша мән-жайларды мұқият анықтап, әуе апатын болдырмау бойынша тиісті шараларды жоғары деігейде қабылдау қажеттігін айтады.
Ол комиссия оқиғаның мән-жайын анықтап, қорғаныс министрлігі, әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы тиісті шаралар қабылдайтынына сенім білдірді. «Мен маман ретінде, бұрынғы ұшқыш ретінде әрі қарай бұлай жұмыс істеуге болмайтынын айтқым келеді. Анықтау қажет, тоқтау қажет, өйткені біз мықты кадрлардан, қымбат техникадан айырылып жатырмыз. Ал отбасының, туыстарының қайғысын өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар, мұны сөзбен жеткізу мүмкін емес», - дейді ол.
«Жүйе болуы тиіс. Бұл туралы ұзақ айта беруге болады. Отбасынан, отбасындағы ахуал, демалыс, денсаулық, техника жағдайы, ұшқыштардың дайындығы, басшының ұшқыш құраммен қатынасынан бастап, тіпті ұшқыштар құрамын әлпештеу керектігін айту керек», дейді М.Алтынбаев.