"Ғалымдарды ауыл шаруашылық дақылдарының және мал тұқымдарының өнімділігі жоғары түрлерін шығаруға ынталандыру жүйесін құру аясында қазіргі заңға сәйкес селекциялық жетістіктердің авторларына роялти төлеу кестесі жасалды", - деді А. Күрішбаев.
"Төлемдерді біртұтас басқару үшін Селекцияны дамыту қорын құру көзделіп отыр", - деп толықтырды ол.