Қазақстанның ауыл тұрғындарының табиғи өсуі есебінен жыл сайын адам саны 25 - 35 мыңға өсіп отыр - ҚР Ауылшаруашылық министрлігі

"Бірақ табиғи өсу есебінен жалпы республикамыздың ауыл тұрғындарының саны жыл сайын 25 - 35 мың адамға өседі",- деп қосты ол. Комитет төрағасының айтуынша, талдау "өнеркәсіп дамыған аймақтарда кері сальдоның жоғары екендігін - Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында ауыл тұрғындарының ағымы басқа аймақтармен салыстырғанда көп" екендігін көрсетіп отыр. "Жалпы республика бойынша тек Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық аймақтары ішкі көші-қон бойынша оң сальдоға ие".- деп атап көрсетті С. Тұңғышбаев.

Қазақстан Республикасының Аылшаруашылық министрлігі таратқан баспасөз баянында, "жалпы 5 жыл ішінде көші-қон процессіне қатысқан 1 млн ауыл тұрғынының арасында әйелдер 52 пайызды, еркектер 48 пайызды құрап отыр" деп көрсетілген. "Ішкі көші-қон негізінің 68 пайызын еңбек жасандағылар, 23 пайызын балалар, 9 пайызын еңбек жасынан асқандар құрайды", деп атап көрсетілген құжатта. Сонымен қатар, Ауылшаруашылығының қортындысына сүйенсек, "көші қон процессінде педагогикалық білімі бар еңбек жасындағы әйелдер белсенділік танытып отыр".

"Көші-қон айналымында мамандық бойынша ауылдық елді-мекендерге келушілердің арасында ауылшаруашылық мамандары - 14 пайызды және педагогтар 11 пайызды құрап, көш басынан көрініп отыр, одан кейін техниктер - 8 пайызды, экономистер - 6 пайызды, медицина қызметкерлері - 5 пайызды, заңгерлер - 3 пайызды және сәулет-құрылыс маманды 2 пайызды құрайды. Ауылдық жерлерден кететіндердің арасында да - ауылшарушалық мамандары - 13 пайызды, одан кейін педагогтар - 10 пайызды, техникетер мен экономистер - 8 пайыздан, медицина қызметкерлері - 5 пайызды, заңгерлер - 3 пайызды және сәулеттік-құрылыс мамандары - 2 пайызды құрайды",- деп атап көрсетілген баспасөз баянында.