Қазақстанның ауылшарашылық саясатын халықаралық сарапшылар либералды деп бағалап отыр - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Елімізде мемлекеттік қолдау шараларының негізгі бөлігін "жасыл қалта" шаралары құрайды. Бұл шаралар ауылшаруашылығы өнімін өндіруге тікелей дотация бөлуді емес, ауылшаруашылығы саласындағы өндірісті дамытуға мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады,- деді А.Есімов.

Министрдің айтуынша, ауылшарашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау шарасына бір гектар егістік алқабына шаққанда 12,6 доллар қарастырылған. "Бұл көрсеткіш бірақ мемлекеттік дотация мен бюджеттен бөлінетін несиелік желілерге қамтылмайды",- деді А.Есімов. "Бұл , әрине, әлемнің дамыған елдеріндегі көрсеткіштен төмен. Дегенмен, бұл көрсеткіш бойынша біз ТМД көлемінде алдыңғы орындамыз",- деді ауылшаруашылығы министрі.