"Бұл елдің азық-түлікпен қамтамасыз етілмегендігінің белгісі. Импорты ішкі қажеттіліктің 16 пайызынан асатын елдердің азық-түлік дағдарыстарына ұшырау қаупі жоғары болып келеді", - деп атап көрсетті Т. Сыдықов.
Оның айтуынша, егер белгілі бір өнімнің импорты ішкі өндіріс көлемінің 20 пайызынан артатын болса, онда өндірістің стагнациясы жайлы айтуға болады. Егер бұл сан 60 пайызға жететін болса, онда өндіріс құлады дей беріңіз.
"Жетекші талдау агенттіктерінің болжамдары бойынша, әлемдік нарықтағы азық-түлік жетіспеушілігі 2009 жылға дейін сақталатын болады және сол кезге дейін бағаға әсер етеді", - деп сендірді "Әділет" партиясының төрағасының бірінші орынбасары.