Қазақстанның Балтық елдеріндегі елшілігі "Өз елімнен зор сүйіспеншілікпен" деген тақырыптағы көрме-аукционға қатысты

Қазақстанның Балтық елдеріндегі елшілігі алтын түстес жіптермен ұлттық оюмен зерленген қазақ шапанын аукционға салып, көрмеге қатысушылардың назарына ілікті. 750 лит шамасында бастапқы баға белгігенген шапан 2900 литке (1000 доллар шамасында) сатылып, ашық саудада ең жоғары бағаланған бұйымға саналды.

Көрмені ұйымдастырушылардың пікірінше, Қазақстан елшілігі тарапынан көрмеге қойылған бұйым қайырымдылық шарасына қомақты қаржылық үлес қосумен бірге, қазақ халқының бақыты мен табысының нышанындай Шығыстық өзгеше рух әкелді.