"Біздің банк жүйеміз (әлемдік қаржы нарығында - агенттік ескертпесі) орын алған жағдайға шамасы жетерліктей мықты", - деп мәлімдеді Б. Сұлтанов.
"Екінші деңгейлі банктерді сырттан қаржыландыру жетіспеушілігі пайда болып, Батыстағы кейбір ірі қаржы институттарында дефолт болған кезде де отандық қаржы жүйесі өз қалпын сақтап қалды", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ министр АҚШ-дағы ипотекалық дағдарыс басталғалы бері бір де бір Қазақстан банкі жабылған жоқ", - деді.
Сыртқы қарыздарымен есептесетін уақыттары жеткен банктер қазіргі уақытта мемлекет көмегіне арқа сүйеместен қарыздарын өтеуді жалғастырып жатыр. Өз кезегінде мемлекет банктер сыртқы қарыздарын төлеу кезінде Қазақстанның ішкі жобаларын (құрылыс, шағын және орта бизнес, инвестициялық жобалар) несиелендіру тоқтап қалмауы үшін "Қазына" тұрақты даму қоры арқылы қаражат бөлді, - деп еске салды Б. Сұлтанов.
"Дамыған кәсіпкерлік сектор - кез келген ел экономикасының негізі", - деп елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей, үкімет әрі қарай да отандық бизнесті өз деңгейінде ұстап тұру үшін барлық күш-жігерін жұмсайтын болады", - деді Б. Сұлтанов.