Қазақстанның банктері мен айырбастау пункттерінде долларды сату бағасы 300-301 теңгеге дейін өсті

Валюталар бағамына мониторингі жүргізіп отырған kurs.kz сайтының мәліметтерінше, Қазақстанның қалаларындағы айырбастау пункттерінде, Алматының айырбастау орындарында долларды 288,5 теңгеден сатып алып, 290-300 теңгеден сатып жатыр.

Центркредит банкінде долларды (банктің ресми сайтының ақпараты бойынша) 301 теңгеге сатып алуды ұсынады.

Қазкоммерцбанкте долларды сатып алу 299 теңге, сату - 301 теңге.


Қазақстанның Халық банкінде долларды 300,49 теңгеге сатып алуға болады.