"Әлемдік қаржылық дағдарыстың кері әсеруне қарамастан, еліміздің экономикасының барлық базалық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді және ешбір алаңдаушылық тудырмайды", -деді ол.
"Экономикалық өсімнің жоғары қарқыны сақталуда. Қазақстаннан экспортталатын дәстүрлі тауарлардың бағасы әлі де жоғары қалпында. Жеткілікті валюта қоры мен еліміз экономикасының тұрақтылығы кез-келген уақытша қиындықты еңсере алуға қабілетті", -деді мемлекет басшысы.
Құрлықтың бөліктері арасындағы экономикалық көпір болу роліне талпына отырып біз "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" жобасына кірістік, оны жүзеге асыру нәтижесінде Еуразияның екі ірі бөлігін транспорттық коммуникациялармен байланыстыруға тиіс. "Біз оған 7,5 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отырмыз", - деген Н. Назарбаев, "оның ежелгі дәуірде Азия мен Еуропа халықтарын жақындастырған Ұлы Жібек Жолының қайта жаңғыруы болатынын" атап өтті.