"Өткен аптада вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің қатысуымен жиналыс өтті, бағалары реттелетін топқа жататын тауарлардың тізімі талқыланды. Және барлық нан зауыттарын реттеу туралы шешім қабылданды",- деді Б. Сағынтаев.
Селекторлық жиын барысында Өмірзақ Шүкеев өз кезегінде облыс әкімдері мен Ауыл шаруашылық министрлігіне "бір апта ішінде нан бағасын тұрақтандыру механизмін әзірлеп, ұсынуды" тапсырды. "Ауыл шаруашылығы министрінің өзі зауыттағы нанның бағасының 39 теңге болатындығын мәлімдеді және біз нанның бағасы осы төңіректе болатындығына кепілдік бердік",- деді ол. Қазір тек Алматыда ғана нанның бағасы 60 теңге болып тұр",- деп атап өтті Ө.Шүкеев.
"Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес біз нанды бағасы реттелетін тауарлар құрамына енгіздік. Нан зауыттарының барлығы тез арада өздерінің сұранымдарын беріп, біз бағаны 39 теңге шамасында белгілеуіміз керек",- деп атап көрсетті вице-премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті