Қазақстанның Бас мүфтиі Моңголияның «Шапағат» медалімен марапатталды

Хабарламаға сүйенсек, медальді Моңғолия мұсылмандары құрылтайының төрағасы Батырбек Қадыс Қазақстанға жұмыс сапары барысында табыс етті.

«Бұл белгі қоғам мен ислам дінінің игілігіне орасан зор үлес қосқан тұлғаларға беріледі», - делінген хабарламада.