Қазақстанның бас мүфтиі Түркиядағы шахтада болған жарылыстан құрбан болғандардың туыстарына көңіл айтты

«Біз үшін бұл қайғылы оқиға, Қазақстан мұсылмандары мен өз атымнан марқұмдардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтамыз», деп Қазақстан діни мұсылмандар басқармасының сайтында жарияланған хабарламада бас мүфтидің сөзі келтірілген.

Ол зардап шеккендердің тез айығып кетуін тіледі.