Қазақстанның бас мүфтиі жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырды

"Ақиқатты ашып, өзінің пайдакүнемдік ниетімен біздің жастарымызды есеңгіретіп жүрген барлық қаскөйлерге қарсы салмақты сөз айтатын кез жетті",- деп мәлімдеді Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы Павлодарда өткен "Қазіргі Қазақстан және ислам діні" тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға. "Фундаментализм, сепаратизм, экстермизм түсініктері шынайы мұсылман үшін жат түсінік, сондықтан да мен жастарды жалған діни ұйымдардың уағызына мойынсұнбауға шақырамын", - деді Бас мүфти.

"Шынайы мұсылман дінге сенушілерді ғылымға араласуға, жаңаны тануға, қайырымдылық жасауға шақырады" - деп атап өтті Бас мүфти.

Ә. Дербісәлінің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстан аумағында кез-келген адамға Құран және шынай құндылықтар туралы түсіндіре алатын 1800 мешіт бар. "Біздің еліміз 15 жыл ішінде айтарлықтай өсті, беделге ие болды және де әртүрлі халықтар мен діни сенім-нанымдар арасында бірлік пен келісімді сақтай білді. Қазір тәуелсіз Қазақстан тұрғындарына өздерінің пайдакүнемдік пиғылын күшпен таңатындарға және араға жік салып жаңжалдастыратындарға жол жабық",- деп атап көрсетті ол.

Форум жұмысында дін өкілдерінен басқа атақты ғаламдар, қоғам қайраткерлері, журналистер, жастар қозғалысының көшбасшылары және Павлодардың жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Негізгі талқыланған тақырып "Хизб-ут-Тахрир" экстремистік ұйымының қиратқыш әрекеті жайлы болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті