"Құқық қорғау органдарының кейбір қызметкерлері есірткі бизнесінің дамуына өздері себепші болады",- деп мәлім етті бас прокурор. Оның айтуынша, өткен жылы есірткі бизнесіне қатысы болғандығы үшін ішкі істер органдарының 27 қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған.
Жалпы Бас прокуратурадағылар "елімізде нашақорлық пен есірткі бизнесінің күннен күнге етек алып бара жатқандығын" атап өтті. "Есірткіге қарсы қолданылып жатқан іс-шаралардың тиімділігі аз. Есірткі контрабандасының көлемі жыл санап өсіп бара жатыр",- деді Р. Түсіпбеков.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы құқық қорғау органдары 23 тоннадан астам есірткі, соның ішінде 521 кг героин, 335 кг апиын тәркіленген.