Қазақстанның Бас прокуратурасындағылар мәжіліс депутаты Цойдың өз еркімен отставкаға кетуі "Ақ ауыл" корпорациясының қызметінде анықталған заң бұзушылықтарға байланысты екенін жоққа шығармайды

"Меніңше, мәжіліс депутаты Виктор Цойдың өз еркімен отставкаға кетуі беті ашылған заң бұзушылықтарға белгілі дәрежеде байланысты, өйткені, бұл депутат бұрын осы корпорацияның жетекшісі болған", -деді С. Нұрпейісов.

"Дегенмен, бұл тексерудің өзі бұрынғы депутаттың іс-әрекеттерінде қылмыстық құрамның бар екенін көрсетпейді. Бүгін біз оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құрам бар деп мәлімдей алмаймыз. Өйткені, қазір тергеу алдындағы тексеру жүргізіліп жатыр", - деді ол.