Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер мынадай өзгерістер енгізді:

  • Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеу;
  • ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.

Қаулыда 1 тармақтың 1 тармақшасында "өткені туралы" деген сөздер "тесттің теріс нәтижесі бар" деген сөздермен ауыстырылатыны да жазылған.


Құжаттардың толық нұсқасы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында, сондай-ақ мына сілтемеден таныса аласыз.