Қазақстанның басым аумағында суық ауа райы сақталады

«Қазақстанның көптеген облыстарында дауылды жел тудырған циклон Шығыс Сібірге жылжыды. Осы циклонмен байланысты суық арктикалық ағындар жақын арадағы күндері оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық облыстардың ауа райына өз әсерін сақтайды, бұнда жауын-шашынды күн райы күтілуде, түнде қар жаууы мүмкін, түнде ауаның температурасы 0-8º суық, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте кей жерлерде 0-3º-қа дейін суытады», - делінеді хабарламада.


29 сәуір-1 мамыр аралығындағы ауа райы болжамында атап көрсетілгеніндей, Қазақстанға келген антициклон өзгеріп,  қазақстандықтарды қайтадан бұлтты, жаңбырлы ауа райы күтеді. Тек республиканың шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында 30 сәуір және 1 мамыр күндері жылы және ала бұлтты ауа райы күтіледі.