Қазақстанның басым бөлігінде 22 сәуірде жауын-шашынды болып, жел күшейеді

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз ұйтқуы 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Ақмола облысында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.


Қызылорда облысында, күндіз Маңғыстау облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды  дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің 17-22 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Қостанай облысында түнде және күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түседі.

Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.