Қазақстанның басым бөлігінде дүйсенбі күні қар жауып, бұрқасындатады, тұман түседі және көктайғақ болады

республиканың батыс және оңтүстік бөлігінде ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады, тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасынды, тұманды болады. Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасынды, желдің күші 15-20 м/с-қа жетежді.


Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, түнде және таңертең Алматы, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі.