Қазақстанның батысында 12 тонна мақта тиелген жүк көлігі жанып кетті – фото

Төтенше жағдай 10 желтоқсан 14.00 шамасында Атырау-Маңғыстау республикалық автожолында, Құлсары қаласынан 80 шақырым жерде болды.

© PHOTO : MGOROD.KZ

Қазақстанның тас жолында он екі тонна мақта тиелген жүк көлігі өртенді

Тас жолда 12 тонна мақта тиелген үлкен жүк көлігі жанып кетті. DAF маркалы фура Тәжікстаннан Түркияға бара жатқан.

© PHOTO : MGOROD.KZ


Қазақстанның тас жолында он екі тонна мақта тиелген жүк көлігі өртенді

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды 15:54-те ауыздықтады, деп хабарлайды "Мой город".

18:45-те өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртке не себеп болғаны белгісіз. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарасақ, тіркеме мен оның ішіндегі жүктен түк қалмаған.