Қазақстанның бес қаласында күшті желдер туралы ескерту жасалды

«Бүгін, 31 мамыр күні Жезқазған, Тараз, Қарағанды, Павлодар және Петропавл қалаларында жылдамдығы жоғары дауылды желдер соғады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер, күтіліп отырған нөсерлі жаңбырларға байланысты 31 мамыр күні Алматы облысының таулы өзендерінде еріген қар мен жаңбыр суларының тасқындары болатындығын ескертті.