Ауа райының күрт құбылуына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жол уақытша жабылды. Ақтөбе-Ор, Ақтөбе-Орынбор, Самара-Шымкент және Қарабұлақ-Комсомольск тасжолдары көктайғақ. Сондай-ақ қарлы бұрқасынның салдарынан Батыс Қазақстан және Қостанай облысында бірнеше тасжол уақытша жабылды. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша 17-18 наурыз күндері Ақмола облысында, оның ішінде Астана қаласында да тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.