«Қазгидромет» РМК мамыр айындағы құрғақшылықтың алдын ала болжамын жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Қостанай облысы Қарасу ауданында, Ақмола облысының Ақкөл, Атбасар және Астрахань ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Глубоковский, Зырян, Ұлан, Катонқарағай ауданында және Өскеменде, Алматы облысының Талғар ауданында ауа райы жауын-шашынды болады», – делінген хабарламада.
Мамандардың болжамынша, Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылық болады. Жауын-шашын жаумайды. Ауа температурасы жоғарылайды.