Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр жауады деп күтіледі

 Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында күндіз кей жерлерде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, дауыл, желдің күші 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, дауыл, желдің күші 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, желдің күші 18 м/с жетеді.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады, Шығыс Қазақстанда күндіз кей жерлерде  жел 15-20 м/с болады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл, таңертең және күндіз Оңтүстік Қазақстан облысытарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.


Алматы, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстанның басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.