Қазақстанның бірқатар облыстарында аязға байланысты дауылды ескерту жарияланды


Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады, деп хабарланды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар  комитетінің сайтында.

«26 қаңтарда Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасының 20-25, кейбір жерлерде 29-34 градусқа дейін төмендеуі күтіліп отыр. 26 қаңтар күні Қызылорда облысында түнде 17-22, кей жерлерде 25-30 градусқа дейін аяз болады», - делінген хабарламада.