Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
«Циклондар мен антициклондар Қазақстан аумағы арқылы қатты жылдамдықпен жылжиды. Осыған байланысты, еліміздегі бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауады. Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік бөлігінде найзағай аралас жаңбыр, солтүстігінде ылғалды қар, тұман және көктайғақ болжанады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы бұрынғыша климаттық нормадан жоғары, тек солтүстік аудандарда температура 2-3°С нормадан төмен болады», - деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: