Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев хабарлады.
«Қазақстан – аймақтағы елдер арасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуға өтініш білдіріп отырған ең бірінші мемлекет», - деді ол. «Аймақтың ауқымы кең. Бұрын-соңды өтініш бермеген елдерге аталған органда дауыс беру құқығы берілуі тиіс», - деп есептейді Е.Ашықбаев.
Оның айтуынша, Қауіпсіздік кеңесіндегі орын үшін күресте Қазақстанның тәжірибелі қарсыласы бар. Ол – Таиланд. «Бірақ, біз Қазақстанның аймақтық қана емес, ғаламдық қауіпсіздікке қосқан үлесінің тиісінше бағалануы бағытында жұмыс істеп жатырмыз», - деп түсіндірді вице-министр.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақсыз мүшесі 2016 жылы қыркүйек айында БҰҰ Бас ассамблеясының 71-ші сессиясы барысында сайланады.