Қазақстанның даму институттары аймақтарда шамамен 150 жобаны қаржыландыруды мақұлдады - Қайрат Келімбетов

"Қазіргі жағдаймен даму институттары аймақтарда жалпы құны 5 млрд долларды құрайтын 150 жобаны мақұлдады, оларға қатысу ауқымы шамамен 1,6 млрд долларды құрайды",- деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, жобалардың 75 проценті мен қаржының 70 проценті 7 облыстың үлесіне тиеді. "Бұл Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы. Жобалардың санымен алда келе жатқан аймаққа Алматы - 44 жобамен жатса , ал қаржы көлемімен Маңғыстау облысы - $839 млн алда келеді", - деді "Қазына" басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті