"Біз дамуы мен гүлденуі үшін басты ұлттық басымдықтар - бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімнің төңірегінде топтасуымыз керек. Оларсыз ешқандай мәселені шешу мүмкін емес",- деп мәлім етті президент. "Біз одан әрі де біртұтас, бәсекелестікке қабілетті әрі болашаққа бағдар алған ұлт ретінде алға жылжуға тиіспіз",- деді мемлекет басшысы.
"Бұл үшін әрбір қазақстандық өзінің жауапкершілігін сезінуге тиіс",- деп атап көрсетті ол. Н. Назарбаев "қазақстандықтар бүгінде тұрақтылықтың арқасында өздерінің болашағына сенімді жұмыс істеуде",- деп атап өтті.