«Біріншіден, халқымыздың саны аз болғанмен көп ұлтты елміз. 140-тан аса ұлттар мен ұлыстар тату тәтті өмір сүрудеміз. Демек тірліктің бірлігі қамтамасыз етілген. Бұл сөз жоқ Елбасымыздың ұстанымы, саясаты. Елдің бірлігі мемлекетіміздің дамуының барлық жақтарына әсер етеді: экономика, саясат, әлеуметтік салалар т.б.
Екіншіден, территориямыз көлемді әрі қазба байлықтар баршылық. Сондықтан шетелдік инвесторлар Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Табиғи байлықтарымызды там-тұмдап, ыждағаттылықпен пайдалануымыз қажет. Себебі табиғи байлықтардың шектеулі екенін естен шығармау керек.
Үшіншіден, Қазақ елінің қазір әлемнің барлық құрлықтарына шығуға мүмкіндігі бар. Әуе, құрлық жолы, теңіз қатынастарымыз кез келген елмен байланыс жасауға, сауда-саттыққа шығуға жағдай жасайды. Батыс Қытай- Батыс Еуропа жолы, мыңдаған шақырымға жететін темір, әуе жолдарының іске қосылуы сөзіміздің дәлелі.
Төртіншіден, Қазақ халқы бейбітшілікті сүйетін ел. Ал намысқа келгенде ешкімге есесін жібермейтін халық. Бабаларымыз осынша жерді, табиғи байлықты тұлпардың тұяғымен, найзаның ұшымен бізге жеткізді. Сондықтан, Елдің бірлігі арқылы сол байлықты келешегіміз үшін пайдалана білуіміз керек.
Бесіншіден, ТМД шеңберінде Қазақ Елінің көш бастап келе жатқаны, дамыған 30 елдің қатарына қосылатынымызға ешқандай күмән келтірмейді», - деді профессор Қ. Құдайбергенов.