"Біздің пайымдауымызша, бүгінде халық дәрі-дәрмектерге артық ақша төлеп отыр, және де осы нарықта, біздің жобалауымызша, бәсекелестікті шектейтін және артық пайда көріп отырған бірнеше компания жұмыс істейді",- деді Ә. Матишев.
"Біз келесі аптада премьер-министрдің дәрі-дәрмек нарығында дәрі-дәрмектердің қалай тасымалданып, қалай сатылып жатқандығына қатысты берген тапсырмасы бойынша жүргізген тексеруімізді аяқтаймыз",- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті